Ауыл балаларының төбесі көкке жетті. Аудан әкімі тағы бір ауылға жаңа нысан құрылысын аяқтап, тарту етті. Бүгін Сарыағаш ауданындағы Дастан ауылында кіші футбол және воркаут алаңының ашылу салтанаты болды. Салтанатты ашылудан кейін аудан әкімі Құркелес ауылдық округіндегі Ақниет елді мекеннің тұрғындарымен есеп беру жиынын өткізді. Жаңа нысанның ашылу рәсімі қалай өтті? Есепте қандай өтініштер мен ұсыныстар талқыға түсті? Толығырақ, бірге білейік.
Авторлар: Балқыз Даутбай, Ережеп Тұрғынбайұлы



