Сауд Арабиясының хуситтермен қақтығысынан соң мұнай бағасы өсті

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

23 қазан таңертеңгі жағдай бойынша Brent маркалы мұнайдың бағасы 0,34%-ға өсіп, баррелі 113,56 долларға жетті.

Америкалық WTI маркалы мұнайдың бағасы 0,46%-ға өсіп, баррелі 99,93 доллар болды.

Сонымен қатар ресейлік Urals маркалы мұнайдың бағасы 3,05%-ға төмендеп, баррелі 101,56 доллар болды.

🗣Нарықтың алаңдаушылығын күшейткен факторлардың бірі Сауд Арабиясы мен хуситтер арасындағы қақтығыстың ушығуы болды. Сауд Арабиясындағы Король Фахд халықаралық әуежайына жасалған шабуылда шетелдік азамат қаза тауып, сегіз адам жарақат алды.

📌Дереккөз: @qazaqparat_kz

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар