СҚО-да жыл басынан бері жарты тоннадан астам есірткі тәркіленді

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

Солтүстік Қазақстан облысында биыл заңсыз есірткі айналымына қатысты 217 дерек тіркелді.

СҚО Полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі Зарина Попованың айтуынша, оның 102-сі есірткі заттарын сатуға байланысты, тоғызы – есірткіні аса ірі мөлшерде сақтау бойынша, 94-і есірткіге қатысты құқық бұзушылық болса, үш жағдайда контрабанданың жолы кесілген. 

– Жұмысымыздың басым бағыттарының бірі – есірткі айналымын насихаттайтын және оларды таратуға мүдделі интернет-ресурстарды анықтау және бұғаттау, құқық бұзушыларды анықтап, оларды жауапкершілікке тарту. Осы жылдың тоғыз айында 1 250 интернет-сілтеме бұғатталды, – дейді Зарина Попова.

Дереккөз: @qazaqparat_kz

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар