
Орталық Қазақстанда дәрігерлер даярлау ісінің бастауында тұрған тұлғаның есімі енді еліміздегі медициналық жоғары оқу орындарының біріне берілді. Тиісті шешім институтты ширек ғасырға жуық басқарған, ұлттық медициналық кадрларды даярлауға зор үлес қосқан ғалымның туғанына 125 жыл толуы қарсаңында қабылданды.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Қарағанды медицина университетіне Петр Моисеевич Поспеловтің есімі берілді. Мемлекет басшысы бұл шешімді тарихи әділеттілікті қалпына келтіру деп атады.
Дереккөз: @qazaqparat_kz


