
«Қазақстан темір жолы» 51 бағыттағы 1 500-ден астам жолаушылар вагонын Starlink спутниктік интернетімен жабдықтады. Бұл қызметті жыл сайын 11 миллионнан астам жолаушы пайдалана алады.
Жолаушылар мессенджерлерде мәтіндік хабарлама жіберуге арналған тегін базалық пакетті қолдана алады. Ал фото, видео және өзге де интернет қызметтері ақылы пакеттер арқылы қолжетімді болады.
Сонымен қатар ҚТЖ жаңа SuperApp мобильді қосымшасын әзірлеуді жоспарлап отыр. Ол арқылы пойыз кестесін қарауға, бағыт таңдауға, бос орындарды тексеруге және билет сатып алуға мүмкіндік беріледі.
Дереккөз: @baq_kz


