Шетелге 160 мың тоннадан астам мұнай өнімі заңсыз экспортталған

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

Тергеу деректеріне сәйкес, қылмыстық схеманы ұйымдастырушы Маңғыстау облысының кәсіпкері жер қойнауын пайдаланушы компаниялармен шикі мұнай сатып алуға, кейіннен мұнай «Standart Petroleum» және «Mangystau Oil Refining» шағын мұнай өңдеу зауыттарында өңдеп, жалған сапа паспорттарын ресімдеуге шарттар жасасқан. Одан әрі өнім пеш отыны ретінде көрсетіліп, Ақтау теңіз порты арқылы танкермен шетелге шығарылған, деп хабарлады ҰҚК.

2019–2023 жылдар аралығында тек «Batys Nefte Trade» ЖШС арқылы шетелге 160 мың тоннадан астам мұнай өнімі заңсыз экспортталған. Операциялардың жалпы көлемі шамамен 45 млрд теңгеге бағаланған. Заңсыз алынған кірістер мен төленбеген салықтар бойынша 2 млрд теңгеден астам қаражат мемлекет кірісіне өндірілді.

Бұған дейін ұйымдасқан қылмыстық топтың бес қатысушысы 8 жылға бас бостандығынан айырылған. Қылмыстық схеманы ұйымдастырушысына халықаралық іздеу жарияланды.


Дереккөз: t.me/atamekenbusiness_qaz

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар