
Құрылтай Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Пәкістан Ислам Республикасының Үкіметі арасындағы кеден істеріндегі ынтымақтастық және өзара әкімшілік көмек туралы келісімді ратификациялау жөніндегі заңды екі оқылымда қабылдады.
Құжатқа 2026 жылғы 4 ақпанда Исламабадта қол қойылған.
— Аталған келісім ақпаратпен жедел алмасу, қауіп-қатерлердің алдын алу және жолын кесу жөніндегі шараларды келісу, сондай-ақ тұрақты әрі тиімді шараларды қамтамасыз ете отырып, құзыретті органдардың байланысын үйлестіру мақсатында әзірленді. Келісімді ратификациялау — өзара байланыстың құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерін қалыптастыруға, және кеден ісі саласындағы ынтымақтастықты дер кезінде қамтамасыз етуге, оның ішінде ақпаратпен жедел алмасуды, және осы саладағы ынтымақтастық жөніндегі шараларды келісуге мүмкіндік береді, — деді заңды таныстырған Қаржы министрі Мәди Такиев.
Дереккөз: @qazaqparat_kz


