Қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, дауылпаз ақын Қасым Аманжоловтың 115 жылдығына орай, №32 Қ.Аманжолов атындағы жалпы орта мектепте «Сен неткен бақытты едің, келер ұрпақ!» тақырыбында ауқымды әдеби-мәдени шара ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты – ақынның өмірі мен шығармашылығын жас ұрпаққа таныту, әдеби мұрасын насихаттау және оқушылардың поэзияға деген қызығушылығын арттыру.
Авторлар: Мейірхан Бақытжанұлы, Ережеп Тұрғынбайұлы





