
Көрші елде қалалардың тарихи атауларын қайтару мәселесі қайтадан күн тәртібіне шықты. Төрт қала атауын өзгертіп те үлгерді. Ресей МемДумасындағы Коммунистік партия фракциясының депутаты Анжелика Глазкова Волгоград пен Санкт-Петербург қалаларына тиісінше Сталинград және Ленинград атауларын қайтаруды көздейтін заң жобасын енгізді. Құжат РФ Парламентінің электронды деректер базасында жарияланды.
Бастамаға сәйкес, бұл қалалардың «қаһарман қала» ретіндегі құқықтық мәртебесін заң жүзінде бекіту, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы атауларын қалпына келтіру және болашақта атауын өзгертуге тыйым салу көзделген. Заң жобасы қабылданып, күшіне енген жағдайда жаңа (яғни, ескі) атаулары бір жыл ішінде ресми түрде әрі толыққанды қайтарылады.
Дереккөз: t.me/atamekenbusiness_qaz


