30 мың әскери қызметшінің несиесі кейінге шегерілді

Фото: ЖИ

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің хабарлауынша, төлемді кейінге қалдыру мерзімді қызметтің барлық кезеңіне және ол аяқталғаннан кейін тағы күнтізбелік 60 күнге автоматты түрде беріледі. Төлемдік кейінге қалдыру кезеңінде негізгі борыш пен сыйақы бойынша төлемдер тоқтатыла тұрады. Бұл ретте кейінге қалдыру кезеңі үшін сыйақы есептелмейді.

Әскери қызмет аяқталғаннан кейін берешек сақталады. Мерзімді қызмет кезінде жаңа кредиттер берілмейді.

2026 жылғы бірінші жартыжылдықтда 30 мың әскери қызметшінің жалпы сомасы 7,5 млрд теңгеге қарыздары бойынша төлемдері кейінге қалдырылды.

Дереккөз: t.me/atamekenbusiness_qaz

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар