Қонаевта 1,76 миллиард теңгелік казино сатылымға шығарылды

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

Алматы облысының Қонаев қаласында қонақүйі мен мейрамханасы бар казино 1,76 миллиард теңге бастапқы бағамен аукционға қойылды.

Sauda.e-qazyna.kz мәліметінше, нысан Индустриялық көшесі, 11 мекенжайында орналасқан. Бес қабатты ғимараттың жалпы ауданы — 5 122,5 шаршы метр. Ол 2014 жылы салынған.

📍Сауда-саттық лотына казино ғимаратына іргелес жатқан 0,2257 гектар жер учаскесі, Индустриялық көшесі, 15/5мекенжайындағы ауданы 0,27 гектар тағы бір жер учаскесі және трансформатор қосалқы станциясының жабдықтары кіреді.

📌Дереккөз: @qazaqparat_kz

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар