
Қазақстандық еркін күрес шебері Мерей Базарбаев Лас-Вегаста өткен 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды.
57 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен отандасымыз финалда түркиялық Бекир Кесерді 8:0 есебімен жеңді. Ал жартылай финалда жапониялық Дайто Кацумадан 7:0 есебімен басым түсті.
Бұл Қазақстанның осы чемпионаттағы еркін күрестен жалғыз алтын медалі болды.
Жалпы, Қазақстан құрамасы U23 әлем чемпионатында 2 алтын, 1 күміс және 3 қола медаль еншілеп, алтын жүлде саны бойынша өз рекордын жаңартты.
Дереккөз: @baq_kz


