
АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей мен Украина арасындағы қақтығысты бейбіт жолмен реттеу жөніндегі келіссөздерде айтарлықтай ілгерілеушілікке қол жеткізілгенін мәлімдеді.
«Мен Ресей мен Украина арасындағы соғысты тоқтату және бейбітшілікке қол жеткізу жөнінде келіссөздер жүргізіп жатырмын. Ресейді келіссөздер үстелінен алыстатуы мүмкін орынсыз әрекеттер жасағым келмейді. Айтарлықтай ілгерілеушілік бар», – деп жазды Трамп.
Дереккөз: @baq_kz


