
«Түбінде Канада АҚШ-тың 51-штаты болады. Бұл – мәселені шешудің жалғыз жолы». АҚШ президенті Дональд Трамп тағы да осындай мәлімдеме жасады.
Бұл пікір екі ел арасындағы сауда қатынастары мен саяси келіспеушіліктер аясында айтылды. Ақ үй басшысының айтуынша, Вашингтон Канадаға шамадан тыс қолдау көрсетіп, қыруар қаржы жұмсап отыр. Яғни АҚШ-тың жыл сайын 80-100 миллиард доллар бөлетініне қынжылып, жағдайды Гренландия мәселесімен салыстырды. Бұл бұған дейін де айтылып келген мәселе еді. Ал Канада билігі елдің АҚШ-тың құрамына енуіне үзілді-кесілді қарсы.
Дереккөз: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/lemde/799655-donald-tramp-tubinde-kanada-aks-tyn-51-staty-bolady


