Семейде жаңа туған нәрестесін қоқыс контейнеріне тастап кеткен полицей әке өмір бойына сотталды

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

15 қазанда Семейде қоқыс жәшігінен табылған жаңа туған нәрестенің өліміне қатысты іс бойынша сот үкімі шықты.

Тергеу мәліметінше, 3 ақпанда 20 жастағы әйел үйінде босанып, сәбиді жігітіне берген. Ер адам нәрестені көлікпен апарып, қоқыс контейнеріне тастаған. Сараптама сәбидің тірі туғанын және аяздан қайтыс болғанын анықтады. Айыпталушылардың екеуі де сол кезде полиция қызметкері болған.

Сот баланың әкесі Бексұлтан Советқазыны өмір бойына бас бостандығынан айырды. Ал анасы Алуа Ержанқызы екі жылға сотталғанымен, рақымшылық заңына сәйкес жазадан босатылды.

Екеуі де полициядағы арнайы атақтарынан айырылды. Сот үкімі әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Дереккөз: Qogamnews

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар