Спортшыларымыз жеңіспен оралды

Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев халықаралық және республикалық жарыстарда жоғары нәтиже көрсеткен аудан спортшыларын қабылдап, жеңістерімен құттықтады. Халықаралық жарыстарда Шерзод Давлетов пен Балнұра Жұмабаева дзюдодан әлем чемпионаттарының күміс жүлдегерлері атанды. Ал Ақтөбе қаласында өткен ауыл жасөспірімдерінің V жазғы ойындарында аудан спортшылары дзюдо, қазақ күресі және үстел теннисінен алтын медальдарға ие болды. Сонымен қатар, көкпардан Түркістан облысының жастар құрамасы сапында өнер көрсеткен Бекасыл Өмерқұл, Айдархан Бөрібаев және Нұртілек Аралбай екі дүркін чемпион атанды.

Авторлар: Қуаныш Амангелді, Нұрболат Еркін

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp
Қуаныш Амангелдіұлы

Қуаныш Амангелдіұлы

Корректор-редактор

Танымал жаңалықтар