
Мәслихаттар халық тарапынан жалпыға бірдей, тең және тікелей сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы 5 жыл мерзімге сайланады. 228 мәслихатта 3 447 депутатты сайлау жоспарланған: 668 мандат – 20 облыстық мәслихатта, 626 мандат – 38 қалалық, 2 153 мандат – 170 аудандық.
Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, кандидаттарды ұсыну және өзін-өзі ұсыну кезеңі 14 қазанда басталып, 27 қазан күні сағат 18:00-ге дейін жалғасады. Партиялық тізімдер мен кандидаттарды тіркеу 1 қарашада сағат 18:00-ге дейін аяқталады.
Сайлау алдындағы үгіт 1 қараша күні сағат 18:00-де басталып, 28 қараша күні сағат 00:00-де аяқталады.
28 қараша – тыныштық күні.
29 қараша – сайлау күні.
Дереккөз: t.me/atamekenbusiness_qaz


