Теріс діни ағымдардың алдын алу – қоғам қауіпсіздігінің маңызды бағыты. Осы мақсатта Сарыағаш аудандық Мәдениет үйінде аудан тұрғындарымен кездесу өтті. Жиынға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Ғұламалар кеңесінің мүшесі, Республикалық ақпараттық-насихаттық топтың мүшесі Арман Қуанышбаев қатысып, тұрғындармен дін мәселелері жөнінде пікір алмасты. Кездесуде діни сауаттылықты арттыру, жат ағымдардың жетегінде кетудің алдын алу және қоғамда дұрыс діни түсінік қалыптастыру мәселелері қозғалды.
Авторлар: Қуаныш Амангелді, Құдайберген Сапаров




