«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» дегендей, ұстаз – ұрпақ тәрбиесіне жол көрсетіп, білім нәрін себетін, қоғамдағы орны ерекше мамандық иесі. Дәл осындай құрметке лайық жандар – мұғалімдер күніне орай, Келес аудандық Әшірәлі Кенжеев атындағы мәдениет үйінде білім саласының 50-ге жуық үздіктерін ұлықтаған мерекелік жиын өтті. Басты мақсат – ұстаздардың еңбегін бағалап, кәсіби жетістіктерін атап өту және оларға құрмет көрсету болып табылады.
Авторлар: Майра Сәдуақасқызы, Ережеп Тұрғынбаұйлы





