
Ауруды алғаш жұқтырған адам ақыры көз жұмған. Ол індет кеңінен таралған көршілес Конго Демократиялық Республикасында 11 жыл тұрып, 4 күн бұрын ғана Кенияға келген екен.
Әуежайдағы тексерістен өткенімен, кейін дене қызуы көтеріліп, тері астынан қан кету белгілері байқалған. Дәрігерлер ем көрсеткенімен. құтқарып қала алмады. Мәйіті қауіпсіздік хаттамасына сай жерленген. Зертханалық талдау бұл жағдайдың Эболаның сирек кездесетін және өлім көрсеткіші жоғары Бундибугио штамы екенін анықтады.
Науқаспен тікелей байланыста болған 28 адам 21 күндік қатаң карантинге жабылды. Олардың арасында отбасы мүшелері мен медицина қызметкерлері бар. Қазір онымен бір ұшақта болған 23 жолаушы мен 4 экипаж мүшесі шұғыл іздестіріліп жатыр. Айта кетейік, осы эболаны Конго Демократиялық Республикасында 8 жарым мыңнан астам адам жұқтырған, 4100-і қайтыс болды.
Дереккөз: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/lemde/797351-ebola-keniaga-zetti-bir-adam-koz-zumdy


