9 айда теміржол арқылы 10,8 млн тонна астық тасымалданды

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

2026 жылғы қаңтар-қыркүйек айларында Қазақстан теміржол желісі арқылы 10,8 млн тонна астық тасымалданды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12%-ға көп (9,61 млн тонна). Экспорттық тасымал көлемі 8,4 млн тоннаға жетті.

Орталық Азия елдеріне 5,5 млн тонна астық жөнелтілді: Өзбекстан – 4,11 млн тонна, Тәжікстан – 1,18 млн тонна, Қырғызстан – 184 мың тонна, Түрікменстан – 30 мың тонна. Бұдан бөлек Қытайға 750 мың тонна, Ауғанстанға 762 мың тонна бағытталды.

Дереккөз: t.me/atamekenbusiness_qaz

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар