Әлеуметтік мемлекет: Конституциялық құқықтар және нақты мүмкіндіктер

Қазақстан Республикасының Конституциясында азаматтардың әлеуметтік құқықтарына ерекше мән берілген. Мемлекет еңбек етуге, білім алуға, денсаулық сақтауға және қауіпсіз еңбек жағдайларына құқықтарды қамтамасыз етуге бағытталған міндеттерді жүзеге асырады.

Бұл бағыттағы жұмыстар өңірлерде нақты жобалар мен бастамалар арқылы көрініс табуда. Жаңа білім беру нысандарының іске қосылуы, медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және кәсіптік оқыту мүмкіндіктерінің кеңеюі – әлеуметтік саясаттың маңызды бағыттары.

Әрбір осындай жоба ең алдымен адамның өмір сүру сапасын жақсартуға және оның дамуына мүмкіндік беруге бағытталған.

Конституциялық әлеуметтік кепілдіктердің маңызы да азаматтардың осы мүмкіндіктерді нақты пайдалана алуымен өлшенеді.

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар