
Әлеуметтік мемлекет қағидаты Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген маңызды құндылықтардың бірі.
Азаматтардың еңбек етуге, білім алуға, денсаулық сақтауға, демалуға және қауіпсіз еңбек жағдайларына құқықтары заңмен қорғалады. Мемлекет сондай-ақ мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуға және заңда белгіленген медициналық көмекті алуға кепілдік береді.
Бұл құқықтардың нақты жүзеге асуы өңірлердегі әлеуметтік инфрақұрылымның дамуымен тығыз байланысты. Жаңа мектептер мен медициналық нысандардың ашылуы, колледждердің дамуы, жұмыспен қамту жобалары және кәсіптік оқыту бағдарламалары азаматтарға жаңа мүмкіндіктер береді.
Әлеуметтік саясаттың түпкі мәні – адамның сапалы білім алуына, денсаулығын сақтауға, еңбек етуіне және өз әлеуетін жүзеге асыруына қолайлы жағдай қалыптастыру.


