Әр институттың атқаратын қызметі мен жауапкершілік аясының нақты белгіленуі маңызды

Фото: Ақорда

Мемлекеттің тұрақты дамуы тиімді басқару жүйесімен қатар, мемлекеттік институттардың заңда белгіленген өкілеттіктер шеңберінде жұмыс істеуіне де байланысты.

Қазақстан Республикасының Конституциясы мемлекеттік билік жүйесінің негізгі құрылымын және мемлекеттік органдардың қызмет етуінің құқықтық негіздерін бекітеді.

Бұл ретте, әр институттың атқаратын қызметі мен жауапкершілік аясының нақты белгіленуі маңызды. Өкілеттіктердің бөлінуі мемлекеттік басқарудағы өзара іс-қимылдың құқықтық тәртібін қалыптастырады.

Конституциялық Сот конституциялық заңдылықты қамтамасыз ету жүйесінде ерекше орын алады. Оның қызметі Конституция нормаларының сақталуы мен үстемдігін қамтамасыз ету тетіктерімен байланысты.

Жергілікті деңгейде мәслихаттар аумақтардың даму бағдарламалары мен жергілікті бюджеттерге қатысты мәселелерді қарауға және олардың іске асырылуына бақылау жасауға қатысады.

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар