
Қазақстан құрамасы Аичи және Нагояда (Жапония) өткен XX жазғы Азия ойындарын 84 медальмен қорытындылады. Отандастарымыз 12 алтын, 24 күміс және 48 қола жүлде жеңіп алды.
Жалпыкомандалық есепте Қазақстан құрамасы сегізінші орынға тұрақтады.
Алдыңғы Азия ойындарымен салыстырғанда Қазақстан құрамасының көрсеткіші жақсарды. Ханчжоуда өткен жарыста ұлттық құрама 80 медальмен, оның ішінде 10 алтын жүлдемен 11-орын алған еді. Бұл жолы Қазақстан үш сатыға жоғарылап, жүлделер санын 84-ке жеткізді. Еліміз мұндай нәтижеге бұған дейін 2014 жылы Инчхонда өткен Азия ойындарында қол жеткізген. Ал ең жоғары көрсеткіш 2006 жылғы Доха додасында тіркелді. Сол кезде қазақстандық спортшылар 85 медаль жеңіп алған болатын.
Жапониядағы Азия ойындары тек жүлделер санымен ғана есте қалған жоқ. Қазақстан бірқатар тарихи жетістікке қол жеткізді.
Дереккөз: 24kz


