
Түркияның оңтүстігіндегі Османия провинциясының Сумбас аймағында 5,2 балдық жер сілкінісі болды. Оның эпицентрі 7 шақырым тереңдікте орналасқан, деп хабарлайды Anadolu агенттігі.
Түркияның Апат және төтенше жағдайларды басқару басқармасының (AFAD) мәліметі бойынша, жер сілкінісі сағат 14:43-те (Астана уақыты бойынша сағат 16:43) болған.
Дереккқз: @qazaqparat_kz


