Құқықтар мен бостандықтар жауапкершілікпен қатар жүреді

Қазақстан Республикасының Конституциясы адам құқықтары мен бостандықтарын жоғары құндылық ретінде бекітумен қатар, әр азаматтың заң талаптарын сақтауын және өзге адамдардың құқықтары мен бостандықтарын, ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеуін міндеттейді.

Бұл қағидат құқықтық мемлекеттің маңызды негіздерінің бірі болып саналады. Адам өз құқықтарын еркін пайдалана отырып, басқа азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделеріне құрметпен қарауы қажет.

Әсіресе жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастырудың маңызы зор. Құқықтық сауаттылық тек өз құқықтарын білумен шектелмей, заң талаптарын сақтау, өз әрекетінің салдарын түсіну және қоғамдық тәртіпке жауапкершілікпен қарауды қамтиды.

Ортақ ережелерді сақтау – қоғамдағы қауіпсіз әрі тұрақты ортаның негізі. Мұндай орта әр азаматқа білім алуға, еңбек етуге, өз қабілетін дамытуға және жеке бастамаларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Құқық пен жауапкершіліктің үйлесуі – құқықтық мәдениеттің маңызды көрсеткіші.

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар