Заң және тәртіп – қауіпсіз қоғамның негізі

Конституциялық қағидаттарға сәйкес, адамның құқықтары мен бостандықтары жоғары құндылық ретінде танылады. Сонымен қатар әр азамат Конституция мен заңнаманы сақтауға және басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуге міндетті.

«Заң және тәртіп» қағидаты осы өзара байланысты айқын көрсетеді. Қоғамдағы тұрақтылық тек мемлекеттік органдардың қызметіне ғана емес, әр азаматтың заң талаптарына және қоғамдық тәртіпке жауапкершілікпен қарауына да байланысты.

Құқықтық мәдениетті қалыптастыру, әсіресе жастар арасында заң талаптарын түсіндіру және құқық бұзушылықтардың алдын алу – маңызды бағыттардың бірі.

Ортақ ережелерді сақтау азаматтардың құқықтарын шектемейді. Керісінше, заң талаптары сақталған жағдайда әр адам өз құқықтарын қауіпсіз ортада жүзеге асырып, білім алуға, еңбек етуге және өз бастамаларын іске асыруға мүмкіндік алады.

Құқықты құрметтеу, заңды сақтау және өзге адамдардың бостандығына жауапкершілікпен қарау – заманауи қоғамның маңызды құндылықтары.

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар