
Қаржы мониторингі агенттігі Қаражал қаласындағы «Восточный» карьері аумағында марганец кенін заңсыз өндіруді ұйымдастырған адамдар тобының әрекетін тоқтатты. Күдіктілер заңсыз кен өндіру үшін ауыр карьер техникасын пайдаланған.
Карьер аумағында өндірістік база жабдықталып, онда өндірілген шикізат ұсақтау-жуу кешені арқылы өңделген. Кейін кен жүк автокөліктерімен ел аумағынан тыс жерге шығарылған. Нәтижесінде сатылған марганец кенінің көлемі 4 мың текше метрден асып, оның құны 950 млн теңгеден асады.
Тергеу жалғасып жатыр.
Дереккөз: t.me/atamekenbusiness_qaz


