
30 қыркүйекте америкалық әскердің соңғы бөлімдері Ирактан, соның ішінде Эрбиль қаласындағы базадан кетті. Осылайша АҚШ бастаған халықаралық коалицияның елдегі әскери миссиясы аяқталды.
2024 жылы Вашингтон мен Бағдад әскери миссияны кезең-кезеңімен аяқтау туралы келісімге келген болатын. Пентагон Иракқа оқу-жаттығу және барлау бағытындағы қолдауды жалғастыратынын мәлімдеді.
АҚШ әскері Иракқа алғаш рет 2003 жылы кіріп, 2011 жылы шығарылған еді. Алайда 2014 жылы «Ислам мемлекеті» террорлық ұйымына қарсы күрес үшін қайта оралды.
Дереккөз: @baq_kz


