Күн салқындап жылыту маусымында елімізде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өрт шығудың алдын алу мақсатында профилактикалық жұмыстар жүргізіліп келеді. Осы бағытта Келес ауданының орталығы – Абай ауылында газға улануды болдырмау және өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуы тексерілді. Мамандар тұрғындарға қауіпсіздік ережелерін түсіндіріп, үйлердегі газ жабдықтарының жағдайын бақылады. Ал талаптарды сақтамағандарға қандай шаралар қолданылды? Толығырақ, алдағы бейнематериалда.
Авторлар: Майра Сәдуақасқызы, Нұрболат Еркін





