
Төлем мөлшері мен оны алатын адамдар санаты әр өңірде әртүрлі. Астана қаласы – жасына байланысты зейнетке шыққан тұрғындарға біржолғы 2,5 АЕК мөлшерінде (10 812 теңге) төлем беріледі. Көмек 110 мыңнан астам адамды қамтиды;
Қарағанды облысында 75 жасқа толған және одан асқан 43 405 адамға 21 625 теңгеден төлеу жоспарланған. Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 938,6 миллион теңге бөлінген;
Түркістан облысында жалғызілікті қарттарға, яғни жалпы 1 253 адамға 5 АЕК мөлшерінде (21 625 теңге) төлем беріледі; Ал Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Атырау, Жетісу, Қызылорда және Ақтөбе облыстарында, Алматы, Қостанай және Қызылорда қалаларында ақшалай төлем қарастырылмаған.
Дереккөз: t.me/stankznews


