Сарыағаш ауданында өткізілген «Үлгілі ауыл» байқауының қорытындысы бойынша Дарбаза елді мекені жоғары нәтиже көрсетіп облыстық байқауға жолдама алды.
Байқау барысында ауылдың тазалығы мен абаттандырылуы, көркейту жұмыстары, инфрақұрылымы және тұрғындардың белсенділігі бағаланды.
Бұл – ауыл тұрғындары мен елді мекеннің көркеюіне атсалысқан азаматтардың бірлескен еңбегінің нәтижесі.
Туған жерді көркейту – баршамызға ортақ міндет!



