
Ақмола полицейлері болған оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің тілшісі.
Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі Щучинск қаласында екі адам қаза болған өртке қатысты тергеу жүріп жатқанын мәлімдеді.
— Алдын ала мәлімет бойынша, 39 жастағы жергілікті азамат үйді қасақана өртеген. Өрт кезінде онда тұрып жатқан ерлі-зайыпты қаза тапқан, — деп түсіндірді ведомство.
Дереккөз: @qazaqparat_kz


