
SpaceX компаниясы алып Starship зымыран-тасығышын алғаш рет орбитаға шығарды. Ұшыру 28 қыркүйекте Техас штатындағы ғарыш айлағынан жүзеге асты.
Компания мәліметінше, Starship ұшырылғаннан кейін шамамен 25 минутта орбитаға жетіп, 26 жаңа буын Starlink спутнигін орналастырды.
Алайда миссия жоспарланған уақыттан ерте аяқталды. Ұшу барысында 33 қозғалтқыштың бірі істен шығып, кейін аппарат Тынық мұхитының солтүстік бөлігіне құлаған.
Дереккөз: @baq_kz


