
Жылыту маусымы Павлодар, Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Риддер қаласында басталып кеткен.
Апта соңына дейін Астана, Қарағанды, Ақтөбе, Атырау облыстары мен Абай облысында жылу беріле бастайды. Нысандар мен тұрғын үйлерді жылуға қосу жұмыстары ауа райына байланысты жүргізіледі.
Дереккөз: @baq_kz


