
Иран АҚШ президенті Дональд Трамп Тегеранның Ормуз бұғазын қайта ашу және әскери әрекеттерді тоқтату жөніндегі ұсынысын қабылдамағаннан кейін келіссөздерді жалғастыруға шақырды.
Иран СІМ басшысы Аббас Аракчи Тегеранның шарттары өзгермегенін және Ормуз бұғазының жұмысын қалпына келтіру сол талаптардың орындалуына байланысты екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, қалыптасқан жағдайдан шығудың жолы – келіссөздер арқылы ортақ шешімге келу.
Дереккөз: @baq_kz


