
22 қыркүйек, сейсенбі күні Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-ші сессиясы аясында Украина және АҚШ президенттері Владимир Зеленский мен Дональд Трамп кездесті.
Келіссөздер 40 минутқа созылды. Зеленский Трамппен өткен жабық форматтағы кездесуді «позитивті және нәтижелі» деп атады. Оның айтуынша, тараптар дипломатиялық процесті алға жылжыту шарттарын талқылады. Зеленский сонымен қатар АҚШ президенті Украинадағы қақтығысты қысқа дейін тоқтатуға көмектесетініне үміт білдірді.
Украина президенті Киевтің кез келген энергетикалық бітімге келуге дайын екенін мәлімдеді.
Дереккөз: @qazaqparat_kz


