Семейде 19 жастағы студент қызды жігіт пышақтап кеткен

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

Қайғылы жағдай Семейдің Водный кентінде, көшенің қақ ортасында болған. 19 жастағы студент қызды жігіт пышақтап кеткен.

Куәгерлердің айтуынша, оқиға алдында қыз бен жігіт арасында жанжал болған. Кейін қыз қан-жоса болып көшеде жатқан жерінен табылған. Тіпті сол маңайда қоқыс жәшігінен медициналық қолғаптар мен мата табылған. Бұл заттар қызға алғашқы көмек көрсету кезінде пайдаланылған.

Тұрғындардың сөзінше, күдікті оқиға орнынан қашуға әрекет жасаған. Десе де полиция оны көп ұзамай қолға түсірген.

Қаза тапқан қыз “Қайнар” колледжінің 3-курс студенті болған. Оқытушылары оның тәрбиелі әрі сабағын жақсы оқығанын айтты.

Полиция қылмыстық іс қозғады. Күдікті 24 жастағы жергілікті тұрғын. Марқұм мен күдікті бұрыннан таныс болған екен. Қазір тергеу жалғасып жатыр.

Дереккөз: t.me/stankznews

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар