Қазақстан мен Қытай арасында жаңа трансшекаралық жол ашылуы мүмкін

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

Тың бағыт Қонаев қаласы мен көрші елдің Инин шаһары арасына дейін болады. Жоба жүзеге асса, екі ел арасындағы жүк Іле өзені арқылы тасымалданады. Бұл туралы үкімет басшысының бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевтың Қытай еліне жасаған жұмыс сапары кезінде белгілі болды.

Сапар аясында бірқатар маңызды кездесу өткізіп, «Жаһандық орнықты көлік» халықаралық форумына қатысты. Нұрлыбек Нәлібаев Қытай халық республикасының Мемлекеттік кеңесі Премьерінің орынбасары Дин Сюэсянмен кездесті.

Сондай-ақ қазақстандық делегация «Жаһандық орнықты көлік» форумына қатысты. Жиында еліміздің транзиттік әлеуеті таныстырылды. Логистикалық тізбекті әртараптандыру жолдары да ұсынылды.

Дереккөз: 24kz

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар