Қазақстанда жылдың соңына дейін алма импортына тыйым салынды

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстанға алма әкелуге 2026 жылдың соңына дейін уақытша тыйым салды. Құжат 3 қыркүйектен бастап күшіне енді.

Алайда шектеуге бірқатар жағдай кірмейді. Атап айтқанда, Қазақстан аумағы арқылы транзитпен өтетін алмаға тыйым салынбайды. Бұл ретте тауардың соңғы баратын жері Қазақстан болмауы керек. Яғни ЕАЭО-ға мүше бір мемлекеттен екіншісіне Қазақстан аумағы арқылы транзитпен тасымалдауға рұқсат етіледі.

Ауыл шаруашылығы министрлігі бұл шара отандық алма өндірушілерді қолдауға және олардың өнімін тұрақты өткізуге жағдай жасауға бағытталғанын атап өтті.

Дереккөз: 24kz

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар