Дүниежүзілік банк: елдер табысының айырмашылығы 460 есеге жетеді

Фото: ЖИ

Дүниежүзілік банк 2025 жылғы деректер негізінде елдерді жан басына шаққандағы жалпы ұлттық табыс көлеміне қарай төрт санатқа бөлді. 1,2 мың долларға дейінгі көрсеткіш – табысы төмен, 1,2-4,6 мың доллар – ортадан төмен, 4,6-14,4 мың доллар – ортадан жоғары, ал 14,4 мың доллардан асатын елдер табысы жоғары мемлекеттер қатарына кіреді. Әлем бойынша жан басына шаққандағы орташа жалпы ұлттық табыс 14,2 мың долларды құрады.

Табысы ең жоғары елдердің қатарында Швейцария көш бастады – 110,3 мың доллар. Одан кейін Норвегия – 97,3 мың доллар, Люксембург – 95,7 мың доллар, Исландия – 89,2 мың доллар және АҚШ – 88,8 мың доллар. Үздік ондыққа сондай-ақ Ирландия, Сингапур, Дания, Катар және Нидерланд кірді. Олардың жетеуі Еуропада орналасқан.

Ал табысы ең төмен елдердің басым бөлігі Африкада орналасқан. Либерия мен Сьерра-Леонеде жан басына шаққандағы көрсеткіш 830 доллардан болса, Нигерде – 750 доллар, Конго Демократиялық Республикасында – 720 доллар, Сомалиде – 640 доллар. Ең төмен көрсеткіш Бурундиде тіркелді – 240 доллар. Осылайша, Швейцария мен Бурунди арасындағы жан басына шаққандағы жалпы ұлттық табыс айырмашылығы шамамен 460 есеге жетеді.

Дереккөз: t.me/atamekenbusiness_silkway

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар