Сарыағаш ауданында өндіріс орындарын көбейту, инвестиция тарту және тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Осы мақсатта аудан әкімі Арман Абдуллаев Дарбаза ауылдық округіндегі индустриалдық аймаққа барып, мұнда қолға алынған өндірістік жобалардың барысымен танысты. Жауапты мамандарға кәсіпкерлерге қажетті инфрақұрылымдық қолдау көрсетіп, инвестициялық жобаларды сүйемелдеу жұмыстарын күшейту тапсырылды.
Авторлар: Мейірхан Бақытжанұлы, Ережеп Тұрғынбайұлы





