
Қанат Бозымбаев премьер-министрдің орынбасары қызметіне тағайындалды. Ал Мәди Тәкиев Қаржы министрі лауазымында қалды.

Тағы екі министр өз қызметінде қалды. Бірі – Нұрлан Сауранбаев. Ол Көлік министрі қызметінде қалды. Сауранбаев бұл қызметке былтыр 30 маусымда кіріскен.
Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев та өз лауазымын сақтап қалды. Ол былтыр 9 қаңтардан бастап осы қызметті істеп келді.
Дереккөз: t.me/stankznews


