
Каспий теңізінде серуендеу катері жартасқа соғылды. Апат салдарынан екі адам қаза тапты. Бұл туралы Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді.
Оқиға 30 тамыз күні сағат 22:56-да 5А шағын ауданындағы «Нұртөбе» бизнес-орталығы маңында болған.
Катер бортында 7 адам болған. Құтқару жұмыстары барысында 5 адам жағаға шығарылып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды. Қалған екі адамның құтқару кеудешесі болмаған. Іздеу-құтқару жұмыстары кезінде жағалаудан шамамен 500 метр қашықтықтан екі адамның денесі табылып, судан шығарылды, – деп хабарлады Маңғыстау облысының ТЖД.
Құтқару жұмыстарына ТЖД-ның 35 қызметкері, 4 техникасы және 4 қайығы жұмылдырылды. Сондай-ақ полиция, Апаттар медицинасы орталығы және жедел жәрдем қызметкерлері тартылды.
Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Дереккөз: 24kz


