
«Қазақанимация» шығармашылық бірлестігі шығарған «KÖLEÑKE» (18+) анимациялық жобасы АҚШ-та өткен PFCAT (Portland Festival of Cinema, Animation & Technology) халықаралық фестивалінде қазылар алқасының арнайы жүлдесіне ие болды. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігі хабарлады.
Туынды хоррор-анимация жанрында «Өзгеше көзқарас пен шығармашылық шеберлік үшін» жүлдесімен марапатталды.
Дереккөз: @qazaqparat_kz


