
Әлемдік нарықта мұнай бағасы 18 тамыз күні таңертең барреліне $2-ден астам қымбаттады. Бұған АҚШ пен Иран арасындағы келіссөздер бойынша жағдайдың күрделенуі және Ормуз бұғазы арқылы мұнай жеткізіліміне қатысты қауіптің артуы себеп болды.
Brent маркалы мұнай фьючерстерінің бағасы барреліне $91,14-ке дейін көтерілді.
АҚШ-тың WTI маркалы мұнайы $85,04-ке дейін қымбаттады.
Дереккөз: @qazaqparat_kz


