Жаңа ақылы жолдармен бір айда жарты миллионнан астам көлік өтті

Фото: ҚазАвтоЖол

Еліміздегі республикалық маңызы бар үш жаңа ақылы автомобиль жолы учаскесі іске қосылған алғашқы айдың өзінде-ақ көлік қозғалысының айтарлықтай қарқын алғаны байқалды. Бір ай ішінде бұл бағыттармен 528 мыңнан астам көлік жүріп өткен.

Әңгіме жақында ақылы режим енгізілген «Қарағанды – Балқаш – Бурылбайтал», «Бұрылбайтал – Күрті» және «Талдықорған – Өскемен» автожол учаскелері туралы болып отыр.

Көлік ағынының ең жоғары көрсеткіші «Қарағанды – Балқаш – Бұрылбайтал» бағытына тиесілі. Бұл учаскеде бір айда 290 мың көлік тіркеліп, жалпы көрсеткіштің шамамен 55 пайызына жетті.

Ал «Талдықорған – Өскемен» бағытында 181 мың көлік жүріп өткен. Бұл жалпы көлемнің 34 пайызына жуық.

«Бұрылбайтал – Күрті» учаскесінде алғашқы айда 58 мың көлік қозғалысы тіркелді.

Осылайша, үш жаңа ақылы жол учаскесі бойынша бір айдың ішінде жарты миллионнан астам көлік қатынағаны анықталды:

— Қарағанды – Балқаш – Бурылбайтал — 290 мың;
— Талдықорған – Өскемен — 181 мың;
— Бұрылбайтал – Күрті — 58 мың.

Айта кетейік, «Қарағанды – Балқаш – Бұрылбайтал» және «Бұрылбайтал – Күрті» учаскелерінде ақылы жүйе 2026 жылғы 10 шілдеде, ал «Талдықорған – Өскемен» бағытында 11 шілдеде енгізілген болатын.

Алғашқы айдың қорытындысы жаңа ақылы жолдардың көлік өткізу қабілеті мен қозғалыс қарқынын бағалауға мүмкіндік беріп отыр. Үш учаскенің ішінде ең жоғары жүктеме «Қарағанды – Балқаш – Бурылбайтал» тасжолына тиесілі екені байқалады.

Айта кетелік Қызылорда – Жезқазған автожолының Қызылорда облысындағы бөлігі толық аяқталған еді. 

Дереккөз. kaz.inform.kz

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар