
Әуе тасымалдаушысы бұл шешімді Таяу Шығыстағы тұрақсыз жағдайдың сақталуымен түсіндірді. Бұған дейін Ақтау мен Дубай арасындағы рейстерді 29 тамызға дейін орындамау жоспарланған болатын. Енді шектеу мерзімі тағы екі аптадан астам уақытқа ұзартылды.
Жолаушылар не істей алады?
Тоқтатылған рейстердің жолаушыларына билеттердің құнын айыппұлсыз толық көлемде билетті сатып алған орны бойынша қайтару қолжетімді. Әуе компаниясы рейстердің қайта орындалу мерзімін Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты өзгертуі мүмкін.
Дереккөз: 24kz


