
Тегеран Вашингтоннан санкцияларды алып тастауды және америкалық әскерилердің маусымда жасалған «өзара түсіністік туралы меморандумды» бұзғаны үшін өтемақы төлеуді талап етті. Бұл туралы Иран Ислам Республикасының Жоғары ұлттық қауіпсіздік кеңесі мәлімдеді.
Иранның мемлекеттік Tasnim ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Жоғары кеңес басшысы Мұхаммад Багер Зольгадр Ақ үйден Иранға бұдан былай АҚШ тарапынан ешқандай қауіп төнбейтініне кепілдік беруді, америкалық әскерлерді өңірден шығаруды, Иран порттарына қойылған теңіз блокадасын алып тастауды, санкцияларды жоюды, Иран активтерін бұғаттан шығаруды, сондай-ақ елге жасалған соққылар үшін өтемақы төлеуді сұрап отыр.
Бұдан бөлек, Иранның Жоғары ұлттық қауіпсіздік кеңесі Ливан, Палестина, Йемен және Ирактағы Иранның одақтастарына қарсы агрессияны тоқтатуды талап етті. Ислам революциясы сақшылар корпусы Ормуз бұғазын ашу мәселесінің Иран мен Оман арасындағы келіссөздерге еш қатысы жоқ екенін мәлімдеді.
Дереккөз: t.me/atamekenbusiness_qaz


